Қауіпсіздік кеңестері
Mereketoi төлемге араласпайды, сондықтан ақша мәселесін қызмет иесімен өзара шешесіз. Бірнеше қарапайым ереже алаяқтардан сақтайды.
Ақша аударарда
- Толық соманы алдын ала аударуға асықпаңыз.
- Қызмет иесінің деректерін тексеріңіз: хабарландырудағы Instagram-ды, басқа хабарландыруларын қараңыз.
- Күмәнді ұсыныстан сақ болыңыз — тым арзан баға, асықтыру, бөтен сілтемеге өтуді сұрау.
- Келісілген жалпы құнын және төленген соманы келісімге жазып қойыңыз: қосымшада — «Келісілген шарттар» блогына және Төленген сома, ₸ өрісіне, сайтта — Келісілген ақша және Төленген ақша өрістеріне. Екі жаққа да көрінеді. Mereketoi төлем жүргізбейді — бұл тек жазба.
Аккаунтыңызды қорғау
- Кіру кодын және құпия сөзді ешкімге бермеңіз — Mereketoi қызметкерлері оны ешқашан сұрамайды.
- Біреу құпия сөзіңізді білді деп ойласаңыз, оны Баптауларда өзгертіңіз — басқа құрылғылардағы кіру жабылады: Жеке деректер мен құпия сөз.
Телефоныңыз кімге көрінеді
- Клиенттің телефонын қызмет иесі өтінім келген кезде көреді.
- Қызмет иесінің телефоны хабарландыру бетінде Телефонды көрсету басқанда көрінеді, ал келісім расталғанда өтінімде де тұрады.
- Қосымшадағы чат телефон нөміріңізді көрсетпейді — нөмірсіз-ақ жазысуға болады: Қызмет иесімен чат.
Күмәнді нәрсе көрсеңіз
Хабарландыруға шағым жіберіңіз (Шағым беру) немесе қолдау қызметіне жазыңыз (Қолдау қызметі). Чатта біреу мазаласа немесе күдікті нәрсе ұсынса, чаттың өзінен шағымданыңыз: Қызмет иесімен чат.