Бөлімдер

Той жоспарлау

Қосымшадағы «Той» бөлімі мен сайттағы «Той ұйымдастыру» беті — тойыңыздың жеке жоспары: күні мен орны, бюджет, тапсырмалар және әр қызмет бойынша не шешілді. Бұл жоспарды тек сіз көресіз.

Клиентке

Жоспарды ашу

  1. Қосымшада төменгі мәзірдегі «Той» бөлімін ашыңызЖоспарыңыз әлі жоқ болса, «Тойды бір жерге жинаңыз» беті шығады — Жоспар құру басыңыз. Аккаунтқа кірмеген болсаңыз, алдымен кіру сұралады. Басты беттің соңындағы «Дайындық — әбігерсіз» картасындағы Жоспар құру және Профильдегі «Менің тойым» жолы да осы жерге апарады.
  2. Сайтта: Профиль → Той ұйымдастыруЖоспарыңыз әлі жоқ болса, «Әлі той жоспарыңыз жоқ.» деп жазылады — Жоспарлауды бастау басыңыз.

Қосымшада: «Той» бөлімі

Жоспар болған соң бөлім тақырыбы — «Менің тойым». Жоғарыдан төмен қарай:

  • Іс-шара картасы — атауы (жазбасаңыз — «Сіздің іс-шараңыз»), күні мен орны. Мәліметтерді өзгерту «Іс-шара жоспары» экранын ашады: Атауы, күні, уақыты, Қала немесе өңір, Қонақ саны және Жоспарлы бюджет, ₸. Бәрін Жоспарды сақтау арқылы сақтайсыз.
  • «Бюджет» — жоспарлы сома, «Келісілген» және «Қалдық» (асып кетсе — «Асып кету»). «Келісілген» — іс-шара күніне расталған келісімдердің қосындысы (күн жазылмаса — алдағы барлық расталған келісімдер); төленген сома қайта қосылмайды. Бұл — сіздің болжамыңыз емес, екі жақ растаған шарттардың қосындысы. Тізімдегі әр жол сол келісімнің өтінімін ашады.
  • «Менің өтінімдерім» — жіберген өтінімдеріңіз (Өтінім жіберу); «Еске салғыштар» — Хабарламалар; «Өзгерістер тарихы» — келісімдерге енген барлық өзгеріс.
  • «Тапсырмалар мен жазбалар» — тойға керек нәрселер, «2 / 9» сияқты санмен: 9 дайын тапсырма (той орны, асаба, әнші, фотограф, видеограф, DJ, кортеж, декор, той көйлек) және өз тапсырмаларыңыз (+ Тапсырма қосу).

Тапсырма жолындағы белгіні қойсаңыз, ол бірден өзі сақталады. Өзгерту тапсырма экранын ашады: сол жерде баға мен жазбаны жазып, Сақтау басасыз. Өз тапсырмаңыз үшін Тапсырма, Байланысты қызмет түрі, Жазба және Жоспарлы баға бар, ал Тапсырманы жою оны өшіреді.

Қызмет табу жоспарды сақтап, іздеуді сол санатпен және іс-шара күніңізбен ашады. Сол санатқа өтінім жіберген болсаңыз, тапсырма экранында өтінімнің карточкасы тұрады.

Сайтта: «Той ұйымдастыру» беті

Той туралы

Той күні, Той уақыты, Қала, Қонақ саны және Бюджет (₸).

Қызметтер — 9 қадам

Тойхана, Асаба, Әнші, Фотограф, Видеограф, DJ, Кортеж, Декор, Той көйлек. Әр қадамда:

  • Бұл дайын / шешілді белгісі — мәселе шешілсе, қойыңыз;
  • Жоспарлы баға (₸), Уақыты, Телефоны және Жазба...;
  • 🔍 … Іздеу — жоспар сақталып, каталог сол санатпен ашылады.

Сол санатқа өтінім жіберген болсаңыз, іздеу батырмасының орнында оның карточкасы тұрады. Қараңыз: Өтінім жіберу.

Өз тармақтарыңыз

Тізімде жоқ нәрсе керек болса, + Тармақ қосу басып, атауын, жазбасын және бағасын жазыңыз.

Сақтау және шығын

Қадамдар арасында ← Артқа және Келесі → арқылы жүресіз. Өзгерісті Сақтау басып сақтаңыз — «Сақталды» деп шығады. Жоғарғы жақтағы «Кететін шығын» барлық бағаның қосындысын көрсетеді.

Тарих

Қосымшада — Той → «Өзгерістер тарихы», сайтта — Профильдегі Тарих беті: келісімдердегі барлық өзгеріс уақытымен жазылып тұрады.

Жауап таппадыңыз ба? Қолдау қызметіне жазыңыз.

Қолдауға жазу