Бөлімдер

Mereketoi деген не?

Mereketoi — Қазақстандағы той мен мереке қызметтерінің алаңы. Тойхана, әнші, асаба, фотограф, безендіру — бәрін бір жерден тауып, күнін бірден келісесіз.

Барлығына

Кімге арналған

  • Клиентке (той иесіне) — қызмет іздейсіз, қызмет иесінің бос күндерін көресіз, өтінім жібересіз және бүкіл тойды бір жоспарда ұстайсыз. Бастау: Қызмет іздеу.
  • Қызмет иесіне — хабарландыру бересіз, күнтізбеде бос және бос емес күндеріңізді белгілейсіз, клиенттерден келген өтінімдерге жауап бересіз. Бастау: Хабарландыру беру.

Бір аккаунт екеуіне де жарайды: клиент болып жүріп, кез келген уақытта өз қызметіңізді жариялай аласыз.

Қалай жұмыс істейді

  1. ІздейсізСанат, өңір және той күні бойынша керек қызметті табасыз.
  2. Бос күнді көресізӘр хабарландыруда қызмет иесінің күнтізбесі бар — сіздің күніңіз бос па, бірден көрінеді.
  3. Өтінім жібересізҚосымшада Өтінім қалдыру, сайтта + Тойға қосу арқылы іс-шара күніңізді жібересіз. Өтінім — бронь да, төлем де емес.
  4. КелісесізҚызмет иесі күннің бос екенін растайды, содан кейін жалпы құны мен шарттарды келісесіз. Келісім екеуіңізге де көрінеді, ал күн оның күнтізбесінде бос емес болып белгіленеді.

Төлем туралы

Mereketoi клиент пен қызмет иесінің арасындағы төлемге араласпайды және комиссия алмайды: қызмет ақысын өзара келісесіз. Қазір хабарландыру жариялау да тегін.

Қайдан кіруге болады

Сайт — mereketoi.kz, сондай-ақ iPhone мен Android-қа арналған қосымша бар. Екеуінде бір аккаунт: сайтта жасағаныңыз қосымшада да көрінеді. Толығырақ: Мобильді қосымша.

Жауап таппадыңыз ба? Қолдау қызметіне жазыңыз.

Қолдауға жазу