Бөлімдер

Мобильді қосымша

Mereketoi қосымшасы iPhone мен Android-та бар. Сайттағы аккаунтыңызбен кіресіз — хабарландыру, күнтізбе, той жоспары мен өтінімдер екі жерде бірдей.

Барлығына

Қалай орнатамын

Телефоныңыздан mereketoi.kz/download сілтемесін ашыңыз: Android болса Google Play-ге, iPhone болса App Store-ға өзі апарады. Компьютерден ашсаңыз, екі дүкеннің де батырмасы көрінеді.

Төменгі мәзір

Қосымшаның төменгі жағында бес бөлім тұрады:

БөлімНе істейсіз
Басты бетҚызмет іздейсіз, іс-шара күнін таңдайсыз: Қызмет іздеу.
ТаңдаулыларҰнаған қызметтерді сақтайсыз: Таңдаулылар.
ТойТойыңыздың жоспары, бюджет, тапсырмалар мен өтінімдер: Той жоспарлау.
ЧатҚызмет иелерімен және қолдау қызметімен әңгіме: Қызмет иесімен чат. Оқылмаған хабарлама болса, үстінде сан тұрады.
ПрофильБаптаулар, хабарламалар, көмек және Маман кабинеті. Жаңа өтінім келсе, үстінде қызыл сан тұрады.

Хабарландыру беру мен күнтізбе төменгі мәзірде жоқ: қызмет иесі болсаңыз, Профиль → Маман кабинеті ішінде — хабарландыру (Хабарландыру беру), Қолжетімділік күнтізбесі (Күнтізбені толтыру), Кіріс өтінімдер (Кіріс өтінімдер) және Клиентті шақыру.

Форма толтырғанда, чаттың ішінде және хабарландыру бетінде төменгі мәзір жасырылады — экран толығырақ көрінеді.

Сайтпен бірдей

Қосымша мен сайт бір жүйеде жұмыс істейді. Сайтта жариялаған хабарландыруыңыз, күнтізбеде белгілеген күндеріңіз, той жоспарыңыз бен өтінімдеріңіз қосымшада да бірден көрінеді, қосымшада жасағаныңыз — сайтта. Тек чат, хабарлама баптаулары және қызмет иесінің расталған келісімнен бас тартуы қосымшада ғана бар — олар төменде. Кіру де бірдей: Тіркелу және кіру.

Тек қосымшада бар мүмкіндіктер

  • Push-хабарламалар — жаңа өтінім, күннің расталуы, келісім, чаттағы жаңа хабарлама сияқты оқиғалар телефонға бірден келеді. Толығырақ: Хабарламалар.
  • Чат — клиент қызмет иесіне хабарландыру бойынша жазады, қызмет иесі жауап береді. Толығырақ: Қызмет иесімен чат.
  • Хабарлама баптаулары — хабарламалардың email және push арқылы келуін қосу не өшіру. Толығырақ: Хабарламалар.
  • Қызмет иесінің расталған келісімнен бас тартуы және клиенттің оған жауап беруі. Толығырақ: Өтінімнен және келісімнен бас тарту.
  • Телефон мен email өзгерту — тек қосымшада. Толығырақ: Жеке деректер мен құпия сөз.
  • Apple арқылы кіру — тек iPhone-да. Толығырақ: Тіркелу және кіру.
Мақалаларда осындай жасыл белгі тұрса — ол мүмкіндік тек мобильді қосымшада бар дегені.

Жауап таппадыңыз ба? Қолдау қызметіне жазыңыз.

Қолдауға жазу