Шақыру сілтемесін қабылдау
Қызмет иесімен телефонмен не кездесіп келісіп қойсаңыз, ол сізге Mereketoi-дан арнайы сілтеме жібереді. Сол сілтемені қабылдасаңыз, брондау бірден той жоспарыңызға түседі.
Қалай қабылдаймын
- Келген сілтемені ашыңызӘдетте WhatsApp арқылы келеді. Аккаунтқа кірмеген болсаңыз, алдымен кіресіз, одан кейін сол бетке өзі қайтарады.
- Мәліметтерді тексеріңіз«Сізді тойға шақырып отыр» бетінде: хабарландыру, Той санаты, Той күні, (тойхана болса) Зал және Келісілген баға.
- Қабылдау басыңыз«Сұраныс қабылданды — той жоспарыңызға қосылды.» деп шығады. Брондау бірден Қабылданды күйінде болады. Шешім қабылдамасаңыз — Кейін.
Сілтеме ашылмаса
| Хабар | Себебі |
|---|---|
| Сілтеме қолданылған немесе жарамсыз. | Сілтеме бір рет қана жұмыс істейді. Қызмет иесі осы күнге басқа тойды бекітсе де, сілтеме жабылады. Қызмет иесінен жаңасын сұраңыз. |
| Сілтеме мерзімі өтіп кеткен. | Сілтеме 7 күн жарамды. Жаңасын сұраңыз. |
| Сілтеме табылмады. | Сілтеме толық көшірілмеген немесе қызмет иесі оны жойған. |
| Бұл сіздің хабарландыруыңыз — өзіңізді тойға қоса алмайсыз. | Сілтемені өз хабарландыруыңыздан жасапсыз — оны клиентке жіберіңіз. |
Қызмет иесі сілтемені қалай жасайды: Той иесін сілтемемен тіркеу.