Бөлімдер

Шағым беру

Хабарландыру жалған, қате немесе орынсыз болса, модераторға шағым жіберіңіз. Сайтта шағымды аккаунтсыз да беруге болады, қосымшада — аккаунтқа кіріп.

Барлығына

Хабарландыруға шағым

  1. Хабарландыру бетінде Шағымдану басыңызҚосымшада ол беттің ең төменгі жағында тұр және аккаунтқа кіруді сұрайды.
  2. Себебін таңдаңызСайтта: Спам · Жалған хабарландыру · Орынсыз мазмұн · Қате ақпарат · Басқа. Қосымшада: Спам · Жалған · Орынсыз мазмұн · Қате ақпарат · Басқа.
  3. Қаласаңыз, түсініктеме жазыңызҚосымша түсініктеме (міндетті емес) — не дұрыс емес екенін нақты жазсаңыз, модераторға тексеру оңай болады.
  4. Жіберу басыңызСайтта «Шағымыңыз қабылданды. Рақмет!», қосымшада «Шағым жіберілді. Рахмет!» деп шығады.
Өз хабарландыруыңызға шағым бере алмайсыз. Бір сағатта 10-нан артық шағым жіберілмейді.

Чатқа шағым

Қосымшадағы чатта біреу мазаласа немесе күдікті нәрсе ұсынса: чаттың оң жақ жоғарғы бұрышындағы жалауша белгісін басып, Шағымдану арқылы растаңыз. «Шағымыңыз жіберілді. Модератор қарайды.» деп шығады. Толығырақ: Қызмет иесімен чат.

Сайт туралы ұсыныс не шағым

Байланыс бетіндегі «Ұсыныс немесе шағым» формасын толтырыңыз: түрін (Ұсыныс немесе Шағым) таңдап, жазып, қаласаңыз сурет тіркеңіз.

Жауап таппадыңыз ба? Қолдау қызметіне жазыңыз.

Қолдауға жазу