Тілді ауыстыру
Сайт пен қосымша қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Экрандағы тіл мен сізге келетін хабарламалардың тілі бөлек бапталады.
Сайттың тілі
- Кез келген беттің жоғарғы жағындағы ҚАЗ / РУС ауыстырғышын басыңыз.
- Немесе Профиль бетіндегі Тіл жолынан таңдаңыз.
Орысша беттердің сілтемесі /ru/ деп басталады, сондықтан досыңызға орысша бетті тікелей жібере аласыз.
Қосымшаның тілі
Профиль → Баптаулар → «Қолданба тілі» бөліміне кіріп, Қазақша немесе Русский таңдаңыз. Тіл бірден ауысады — сақтау батырмасы жоқ. Баптаулар аккаунтқа кірмей-ақ ашылады. Қосымшаны алғаш ашқанда тіл таңдау қадамында да ҚАЗ / РУС ауыстырғышы тұрады. Бастапқыда қосымша телефоныңыздың тілін алады: телефон орысша болса — орысша, әйтпесе қазақша.
Хабарламалардың тілі
Хабарламалар (push, email және «Хабарламалар» беті) қай тілде келетінін тек сайтта таңдайсыз — қосымшада бұл өріс жоқ.
- Сайтта: Профиль → Параметрлер«Профильді өңдеу» бөлімінде Атын өзгерту басыңыз.
- Хабарлама тілі таңдаңызҚазақша немесе Орысша, одан кейін Өзгерістерді сақтау.